1992 жылы қыстың көзі қырауда ақпан айы Әзірбайжанның Қожалы атты шағын қаласына армян сарбаздары басып кіріп, қанды қасап жасайды. Армян сарбаздарына 7 мың тұрғыны бар Қожалының әуежайы керек болған-мыс..
Бұларды сарбаздар деп айту күпірлік, оларды хайуандар десе болады. Бейбіт тұрғындарды қойша қырған. 600-ден аса адам ауыр азаппен өлген. Ішінде бала-шаға бәрі кеткен...
Тірі қалғандары мәңгілік шок алып өмір бойы азап шегіп келеді.
Тірі қалғандарының психикалық ауытқушылыққа ұшырап... асылып өлген.
Хайуандар бала-шаға деп қарамай қыра берген. Әке-шешесін балаларының көзінше азаптаған.
Тұрғындар оқтан қашып жертөлеге тығылса ана малғұндар жертөлеге граната лақтырған. Арақтарын ішіп алып, бейбіт тұрғындарға ойларына келгенін істеген деседі.
Тірі қалған Қожалы тұрғындары дімкәс, жарымжан болып қалыпты.
Тып-тыныш жатқан қалашықтың шаңырағы осылай ортасына түскен.
Әзірбайжан халқы жалпы момын, жуас халық қой, оларға сол түні құдай тағы бір ауыр сынақ берді.
Далада 20 ғасыр, ал мыналар тас дәуіріндегі хайуандардың ісін істепті. Бұл роликті қарап отырып жүрегім ауырды. Өте ауыр фильм.
Ол ол ма, сол кезде осы қырғынды басқарған Серж Саргсян деген әрмен командирі кейін Арменияда президент болды.
Кеше бір әзірбайжан қария 27 жыл өткен соң бүгінде Әзірбайжан әскері азат еткен Қожалыға оралыпты. Байғұс шал атасының басына орнатылған зиратты көріп толқып көзіне жас алды...
Әзірбайжан айбынды әскерінің соңғы кезде Таулы Қарабақты азат етіп жатқан қадамына тәнтімін!
Олжас ӘБІЛ, журналист.