Павлодар облысында екі бала 7 жасар оқушының тілін кеспек болған - дереккөз

Сағыныш Сардарова 10 жел. 2025 17:46

Әлеуметтік желіде "Павлодар облысында 10 жастағы екі бала 7 жасар оқушының тілін кеспек болғаны" туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәліметінше, оқиға кеше күндіз болған.

"Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова болған жағдайдың мән-жайын анықтап, көмек көрсету үшін баланың анасымен байланысқа шықты. Балаға жүйелі түрде көмек көрсету үшін Психологиялық қолдау орталығына тапсырма берілді", - деп жазылған хабарламада.

Қазір жағдай өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бақылауында.

"Оқиғаға қатысы бар адамдардың жеке басын анықтау мақсатында іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, бұл іс кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына ұсынылады", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар