Әсел Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, ол - "Болашақ" халықаралық бағдарламасының түлегі. 2025 жылғы 8 маусымда Әсел Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалған еді.
