Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгілік елшісі болып тағайындалды

Сағыныш Сардарова 09 жел. 2025 11:59

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның көші-қон ісінің дүниежүзілік ізгілік елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz

8 желтоқсанда Женевада өткен жыл сайынғы сессия барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) Димаш Құдайбергенге жаһандық ізгілік елшісі мәртебесін берді.

2024 жылы Димаш ХКҰ-ның өңірлік ізгілік елшісі болып тағайындалған еді. Ол өзіне тиесілі жаһандық платформа арқылы мигранттардың мәселелеріне қоғам назарын аударып, олардың интеграциясына жәрдемдесіп, сондай-ақ, қаражат жинау шараларына қатысып, ұйымның жұмысына қолдау көрсетіп отырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар