Бірнеше өңірдегі тасжолда қозғалыс шектелді

Көркем Алдабергенова 10 жел. 2025 14:57

Бірнеше өңірдегі тасжолда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

10 желтоқсан сағат 14:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:

Абай облысы:

«ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау –Семей – Павлодар –РФ шекарасы» автожолының 910-1087 шақырым аралығындағы учаскесі (Қалбатау ауылы – Боғас ауылы бұрылысы).

Жолды 2025 жылғы 11 желтоқсан сағат 00:00-де ашу жоспарланған.

Маңғыстау облысы:

«Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 338-642 шақырым аралығындағы учаскесі (Бейнеу ауылы – Шетпе ауылы)

Жолды 2025 жылғы 10 желтоқсан сағат 22:00-де ашу жоспарланған.

10 желтоқсан сағат 15:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Үшарал – Достық» автожолының 10-164 шақырым аралығындағы учаскесінде (Үшарал қаласы – Достық ст.) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 11 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

- «Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе» автожолының 91-161 шақырым аралығы (Таушық ауылы – Шетпе ауылы);

- «Ақтау – Құрық» автожолының 13-72 шақырым аралығы (Ақтау қаласы – Құрық ауылы)

Жолды 2025 жылғы 10 желтоқсан сағат 22:00-де ашу жоспарланған.

Алматы облысында көлік қозғалысына шектеу

2025 жылғы 10 желтоқсан сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Байсейіт – Көкпек – Шонжы – Көктал» автожолының 21-104 шақырым аралығында (Нұра ауылынан – Шонжы ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 11 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Жетісу облысында көлік қозғалысын шектеу туралы

2025 жылғы 10 желтоқсан сағат 15:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 413-557 шақырым аралығындағы учаскесінде (Сарқан қаласы – Үшарал қаласы) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 11 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар