Павлодарлық кәсіпкерді өлтірді деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан экстрадицияланды. Бұл туралы Қазақстан прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының қызметкерлері Ресей Федерациясынан павлодарлық кәсіпкерді өлтіруге күдіктелген Қазақстан азаматын экстрадициялады", — делінген хабарламада.
Бас прокуратура мәліметінше, 21 ақпанда ер адам жұмысқа шығып, байланысқа шықпаған.
"Тергеу барысында сол күні Павлодарда кәсіпкер күдіктімен оның үй ауласында кездескені анықталды. Қаржы даулары салдарынан олардың арасында жанжал шыққан, нәтижесінде күдікті зардап шеккен адамға кеуде және бет аймағына 22 рет пышақ сұққан. Алынған жарақаттан кәсіпкер оқиға орнында қаза болды", — деп хабарлады Бас прокуратура.
Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыс іздерін жасыру мақсатында күдікті мәйітті және оның көлігін өз гаражында жасырған, содан кейін Қазақстан аумағынан шығып кеткен.
Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Оған 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Еске салайық, 23 ақпанда павлодарлық кәсіпкердің қаза тапқаны белгілі болды.
