Павлодар облысында заңсыз жүрген 183 шетел азаматы елден шығарылды

Павлодар облысында заңсыз жүрген 183 шетел азаматы елден шығарылды
Фото: gov.kz
Павлодар облысында 183 шетелдік заңсыз жүргені үшін Қазақстаннан шығарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Павлодар облысында 183 шетелдік заңсыз жүргені үшін Қазақстаннан шығарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 2025 жылдың 11 айында өңірде тұрақты тұруға рұқсаты бар 1 280 және уақытша тұруға рұқсаты бар 9 136 шетел азаматы тіркелген.

Виза беру немесе тұруға рұқсат рәсімделу барысында миграциялық қызметкерлер шетелдіктердің елде болу заңдылығын тексереді.

"Миграциялық заңнаманы бұзу фактілері анықталған жағдайда дереу тиісті шаралар қабылданады", – дейді полиция өкілдері.

Аталған кезеңде шетелдіктерге қатысты түрлі құқық бұзушылықтар бойынша 2 001 әкімшілік материал толтырылған. Миграциялық заңнаманы бұзғаны үшін сот шешімімен 183 шетелдік Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.