Санкт-Петербургте мигранттарға такси мен жеткізу қызметінде жұмыс істеуге 2026 жылдың соңына дейін тыйым салынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ресейлік БАҚ мәліметінше, бұл шешім қауіпсіздік пен елдің экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында қабылданған. Билік бұл шара көлеңкелі жұмысты азайтып, қызмет сапасы мен қауіпсіздігін арттырады деп отыр.
Сараптама нәтижесінде қалада "жүргізуші" және "курьер" мамандықтары бойынша жұмыс істейтін шетел азаматтарының үлесі өте аз екені анықталған. Билік өкілдерінің айтуынша, мигранттар саны азайғанымен, қызмет бағасы күрт өсіп, нарықта дағдарыс болған жоқ.
Дерекке сүйенсек, билік бұл тыйым азаматтарға, жастар мен студенттерге қосымша табыс табуға мүмкіндік береді деп есептейді.
