Зейнеттегі күндерді жоспарлау қазір ұзақ мерзімді қаржылық стратегияның бір бөлігіне айналып келеді. Заңда белгіленген шарттар сақталған жағдайда тұрақты төлемді жалпыға бірдей белгіленген зейнет жастан ерте де алуға мүмкіндік бар. Ондай құралдың бірі – зейнетақы аннуитеті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жұмыстан қол үзбеген көп қазақстандық үшін еңбек жолы аяқталғаннан кейінгі табыс мәселесі өзекті. Бұл жайында жұрт зейнетке шыққанға дейін ойлана бастады. Зейнетақы жарнасын құйып отырудан басқа, тұрақты төлем көзін алдын-ала белгілеп қоюға болатын және оны өмірінің соңына дейін пайдалануға болатын құралдар бар. Соған тоқталсақ.
Зейнетақы аннуитеті дегеніміз не
Зейнетақы аннуитеті – сақтандыру шарты. Бұл жағдайда клиент зейнетақы жинақтарын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан» сақтандыру компаниясына белгілі бір шарт аясында аударады. Нәтижесінде тұрақты сақтандыру төлемін алып отырады.
Мұндай құралдың ерекшеліктерінің бірі – егер адам заңда көзделген шарттарға сай келсе, жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасқа дейін-ақ төлем ала бастайды.
Баса айта кетерлігі – зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдер өмір бойы жалғасады. Яғни азамат жұмыс істеген уақытта аударып отырып жинаған бастапқы жарнасы таусылған жағдайда да зейнетақы тоқтамайды. Шарт талаптарына сәйкес өмір бойы төленеді.
Зейнет жастағы табысты алдын ала жоспарлауға болады
Жинақты өз бетінше жұмсаудан айырмашылығы, зейнетақы аннуитеті тұрақты табыс алу механизміналдын ала белгілеп қоюға мүмкіндік береді.
Зейнетақы аннуитеті – өмір бойғы сақтандыру төлемдері деген сөз. Ал төлем мөлшері аударылған зейнетақы жинақ сомасы мен жасалған шарт талаптарына байланысты болады.
Сондай-ақ зейнетақы аннуитетінің шарттарыбойынша төлемге жылына кем дегенде 8% индексация жасалады.
Тағы бір маңызды аспект – төлем алушының мүддесінің қорғалуы. Сақтандыру ұйымдарының қызметі Қазақстан заңнамасы аясында реттеледі.Ал зейнетақы аннуитеті шарты аясындағы міндеттемелерге «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» кепілдік береді. Сақтандыру ұйымы лицензиядан айырылған немесе заңнамада көзделген өзге бір жағдайлар туындаса шарт аясындағы барлық міндеттемелер белгіленген тәртіппен басқа сақтандыру ұйымына беріледі. Яғни, шартта көзделген төлем үзілмеуі қамтамасыз етіледі.
Зейнетақы аннуитеті кімге қолайлы?
Зейнетақы аннуитеті зейнетақы жинақтары жеткілікті және болашақтағы тұрақты табыс көзін алдын ала даярлап қойғысы келетін адамдарға қолайлы.
Бұл ретте шарт жасу талаптары, жинақтың қажет сомасы және клиенттің жасы мөлшері ресімдеу кезінде жұмыс істеп тұрған заң талаптарына байланысты болады.
Осылайша, зейнетақы аннуитеті дегеніміз – жинақтарын алу тәсілі ғана емес, сонымен қатар зейнетақы капиталының бір бөлігін тұрақты өмірлік төлемдерге айналдыруға мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау құралы да.
Толыққанды ақпарат Halyk-life клиенттері үшін әрдайым қол жетімді. Тек 7123 нөмірі бойынша хабарласып немесе жақын жердегі филиалға келу жеткілікті.