2022 жылы Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында жергілікті лото-клубқа қасақана от қойған азаматтың әрекеті әлеуметтік желілерде кең тараған еді. Оқиға 3 ақпан 2022 жылы тіркелген. Сол өртке күдікті азамат бостандыққа шықты деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz
Тергеу және сот процесінде оның ойын клубын әдейі өртеп, бұл әрекетін өзі видеоға түсіріп, желіге бірнеше мәрте жүктегені анықталды.
Сол жылдың тамыз айында шығарылған үкімге сәйкес, сот айыпталушыны алты жыл емес, 5 жыл шартты жазаға кесіп, бостандығында қалдырған.
Шын мәнінде, оқиға жай ғана «өрт шықты» деген түсініктен әлдеқайда ауыр - айыпталушы клубты толықтай өртеп, оны жұртшылыққа жария түрде көрсетуге тырысқан.
