Түркістан облысында заңсыз әрекеттер жасаған сотталушылар жазаланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қылмыстық-атқару жүйесінің №55 мекемесінде ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін жазасын өтеп жатқан алты сотталушы алдын ала сөз байласу арқылы мекеме әкімшілігінен заңмен тыйым салынған әрекеттерді, яғни түнде теледидар көру, серуендеуге шығу, өз бетінше тамақ дайындау, белгіленген киім үлгісін кимеу және заңнамада тыйым салынған өзге де жеңілдіктерді беруді талап еткен.
Заңсыз әрекеттерін әзірлеу мақсатында өздеріне жарақаттар салған.
Сот сотталушылардың әрқайсысына 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын және оны бұрынғыдан да қатаң жағдайда өтеу туралы үкім шығарды.
