Электросамокатпен жүрушілерге қандай жаза қолданылады?

Көркем Алдабергенова 10 жел. 2025 17:04

Мәжіліс электрлі самокат қолдану тәртібін қатаңдататын жаңа заңды мақұлдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жаңа талаптарға сәйкес, жол ережесін бұзғандарға айыппұлмен қоса 12 сағат қоғамдық жұмыс немесе 3 тәулікке қамау сияқты қосымша жаза тағайындалуы мүмкін.

Жауапкершілік тек самокат мінгендерге ғана емес, кикшеринг қызметін ұсынатын компанияларға да жүктеледі. Егер олар самокатты жүргізу құқығы жоқ адамға берсе - 108 125 теңге айыппұл салынады. Ал мұндай қолданушы жол-көлік оқиғасына себепкер болса, компания 173 000 теңге төлеуге міндетті.

 
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар