29 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде түнде және таңертең тұман түсіп, солтүстік өңірлерде үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды dalanews.kz.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғып, оның жылдамдығы 9-14 метр в секунду, күндіз екпіні 15-18 метр в секундуға жетеді. Түнде ауа температурасы +1+3 градус, күндіз +17+19 градус болады. Топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі.
Алматыда да жауын-шашын болмайды. Солтүстіктен жел соғып, жылдамдығы 3-8 метр в секунду болады. Түнде +9+11, күндіз +21+23 градусқа дейін жылынады.
Шымкентте көшпелі бұлтты ауа райы қалыптасады. Жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы 8-13 метр в секунду, екпіні 15-20 метр в секундуға жетеді. Түнде +10+12, күндіз +22+24 градус болады.
Жалпы, еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақты болады. Оңтүстік өңірлерде күн жылы сақталса, солтүстік аймақтарда түнгі температура төмендейді.