Қазақстанда кейбір ағаш материалдарын экспорттауға тыйым ұзартылды

Көркем Алдабергенова 10 жел. 2025 16:31

2025 жылғы 5 желтоқсанда Индустрия және құрылыс министрінің міндетін атқарушы бекіткен бұйрықта бірқатар ағаш материалдарын сыртқа шығару тәртібі белгіленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Құжатта көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы аумағынан барлық көлік түрі арқылы кейбір ағаш материалдарын елден әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынады. Бұл шектеу тауардың шыққан еліне қарамастан қолданылады.

Алайда тыйым келесі тауар түрлеріне жүрмейді:

– «Теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты ағаштан жасалған шпалдар және өзге түрлері»;

– Қазақстанда өндірілген «Ағаш түйіршіктері (пеллеттер)».

Бұйрық 2025 жылғы 12 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар