"Қазақстандықтар ішіп жүрген сүтінің құрамын білуі тиіс" - депутат

Көркем Алдабергенова 10 жел. 2025 13:47

«Ауыл» партиясы фракциясының депутаты Қарақат Әбден Қазақстанда табиғи шикі сүттен емес, құрғақ сүт ұнтағын қалпына келтіру арқылы өндірілетін өнімдердің үлесі күрт өсіп жатқанын айтты. Депутат бұл жағдайды алаңдатарлық тренд деп сипаттады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында ол сүт өнімдерін өндірушілер арасындағы әділетсіз бәсекенің мысалдарын келтіріп, мәселені шешуге бағытталған бірнеше ұсыныс жасады.

Сол ұсыныстардың бірі - сүт өнімдерін міндетті түрде, анық әрі түсінікті белгілеп таңбалау. Әбденнің айтуынша, қазақстандық тұтынушылар өнімнің қандай шикізаттан жасалғанын нақты білуі керек: табиғи сүт пе, қалпына келтірілген сүт пе, әлде сүтті сусын ба - бұл таңбадан бірден көрінуі тиіс.

Депутат адал жұмыс істейтін сүт өндірушілер де осы бастаманы қолдауды күтіп отырғанын атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар