Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Беспаевты 50 жас мерейтойымен құттықтады. Өнер иесі мерейтойлық концертте әншімен бірге сахнаға шығып, ерекше ықыласын білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мейрамбек Беспаев 50 жасқа толуына орай жеке шығармашылық кешін өткізді. Мерейтойлық концертте өнердегі әріптестері бас қосып, әншіге құрмет көрсетті.
Солардың қатарында Мөлдір Әуелбекова да болды. Ол Мейрамбек Беспаевпен бірге сахнада ән шырқап, ерекше сәттерді әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Ән ағам, жан ағам мерейтойыңызбен", – деп жазды Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында.
Мейрамбек Беспаев кім?
Мейрамбек Беспаев – қазақстандық танымал әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Ол қазақ эстрадасында өзіндік орындаушылық мәнерімен танылып, көптеген лирикалық әндерді халыққа кеңінен танытты.
Әнші жеке шығармашылығымен қатар "МузАРТ" тобының құрамында өнер көрсетіп, қазақ музыкасының дамуына үлес қосып келеді.