"Ерлік көрсетті": Темірлан Анарбеков әлеуметтік желіні шулатты

Дінасыл Хамит 10 жел. 2025 16:48

Астанада 9 желтоқсанда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне іріктеу аясында алматылық “Қайрат” пен пирейлік “Олимпиакос” командалары “Астана Аренада” кездесті,  деп хабарлайды Dalanews.kz.

Елордадағы ірі спорт нысанында өткен матчты 18 мыңнан аса жанкүйер тамашалады. Тартысты өткен ойында “Олимпиакос” 0:1 есебімен жеңіске жетті.

Есеп минималды болғанымен, “Қайрат” командасының 77-нөмірлі қақпашысы Темірлан Анарбеков матчтың үздік ойыншысы деп танылды. УЕФА-ның ресми бақылау тобы оның бірнеше өте қауіпті шабуылды тосып, команданы қиын сәттерде құтқарып қалуы және 2 дәл сейв жасауы бұл шешімнің негізгі себептері болғанын мәлімдеді.

Көрермендер әлеуметтік желілерде жас қақпашыға қолдау білдіріп, жылы пікірлерін қалдырды.

“Темірлан = Қорған”, “Өте жоғары деңгейде өнер көрсетті, соңына дейін берілмейтін намысшылдығы тәнті етті”,“Еуропалық клубтар деңгейіне көтерілсе екен деген тілектеміз”, - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Темірлан Анарбеков қысқа уақыттың ішінде өз табандылығымен, еңбекқорлығымен және жеңіске деген ерік-жігерімен жанкүйерлер сеніміне ие болды. Ол бүгінде көптеген жас футболшыға үлгі боларлық спортшы ретінде танылып келеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар