Ақтөбе – Алматы бағытындағы SCAT әуе компаниясының рейсі кезінде бір жолаушының жағдайы күрт нашарлаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әуекомпанияның хабарлауынша, оған бірінші болып бортсеріктер көмектескен. Сондай-ақ, ұшақта болған кардиолог-дәрігер де алғашқы көмек көрсетуге қатысып, реанимациялық шаралар жүргізілген.
Әуе кемесінің командирі шұғыл шешім қабылдап, ұшақты бастапқы әуежайға қайтарған. Ұшақ барынша қысқа уақытта қондырылған.
«Қону кезінде жолаушы жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Медициналық топ реанимацияны жалғастырғанымен, кейін оның қайтыс болғаны анықталды», - делінген SCAT таратқан ақпаратта.
