Қазақстанның ірі банктерінің бірінде келеңсіз жайт орын алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Еуразия банкінің қызметкері Сания Шакенова жыл аяғы қуанышты әрі жағымсыз жаңалықпен басталғанын жеткізді. Айтуынша, оның жүкті екенін естіген басшылық қуанышын су сепкендей басқан.
“Мен жүкті екенімді білдім. Алайда Eurasian Bank басшылығы бұл хабарды естіген сәтте, мені бір аптадан кейін жұмыстан шығаруға бел байлады. Бұл уақытта жүктілік мерзімім 5-6 апта шамасында еді. Осылайша мән-жайды анықтау үшін кадр бөліміне бардым. Алайда олар жауапкершілікті өзіне алуға қорқып, маған көмектесуден бас тартты” - дейді Сания.
Содан соң түсініксіз жағдайды нақтылау үшін қызметкер кадр бөлімі жетекшісінің көмегіне жүгінеді. Өкінішке қарай, ол да көңіл көншітерлік жауап бермеген.
“Біз ештеңе істей алмаймыз. Сені ешкім бұл әрекетке мәжбүрлемеді. Және сен жүкті болғаннан кейін жұмыстан шығарайын деп жатқан жоқ. Мәселе басқа жобада болып тұр” - деп кадр жетекшісі де сөзін қысқа қайырған.
Осылайша Сания өз еркімен жұмыстан шығуға мәжбүр болған. Оған өтемақы немесе басқа да қосымша ұсыныстар қарастырылмаған. Тіпті ресми жұмыстан шығып қалғандықтан, әлеуметтік көмек пен бала күтімі бойынша төлемдер де ала алмайды.
Жас келіншек жұмыс орнында қойылатын талапқа байланысты бірнеше мақалаға көз жүгіртіп шыққан. Мұндай жағдайда заң қызметкер құқығын қорғайды. Алайда заң оның жағына шығатын да бұл компаниямен күресе алмайтынын жеткізді.
“Мәселен, карантин уақытында қызметінен босатылған жұмысшыларға жалақы алу үшін басқа міндеттегі жұмыстарды ұсынатын. Мұндай стресстік жағдайға дейін жеткізбеген” - дейді Сания.
Айта кетейік, “Еуразиялық қаржы компаниясы” банкіне Александр Машкевич төрағалық етеді. Бұған дейін саясаткер Болат Әбілев әріптесіміз Борейкоға берген сұхбатында миллиардер Лакшми Митталдың қазақ жеріне Машкевичтің арқасында 1995 жылы күзде келгенін жеткізген болатын. Сол жылы Мұхтар Жәкішев екеуін аустриялық Voestalpine (“Фест Альпине”) компаниясымен бірге “Қарметкомбинаттан” қуып шыққанын да айтты.
“Қарметкомбинатты” кім басқара алады деген сұрақ туындады. “Биліктегілер әуелі ақша салып, кейін жекешелендіріп алу үшін ыңғайлы адам іздеді. Себебі, қылышын сүйретіп қыс келіп қалған. Мұндай алып комбинатты қысқа дайындамаса, тағы болмайды. Кенет, осы кезде Миттал пайда болды. Тіпті, оны Қазақстанға Александр Машкевич ертіп келгені және жоғарыдағылармен жеке таныстырғаны туралы айтылып жатты”, – деді Б. Әбілов.
Сондай-ақ, саясаткер 1998 жылы Ұлыбританиядағы ВВС телекомпаниясының өкілі Қазақстанға келіп, өзіне хабарласқанын жеткізген.
“Қарметкомбинатты” екі апта басқарған екенсіз? Біз сізді ол жақтан қандай себепке қатысты қуып шыққанын білеміз...” деген қызық нәрсенің шетін шығарды.
Миттал мырза ВВС-ге берген сұхбатында Қазақстанға қалай тап болғанын тәптіштей келе, өзін Машкевич шақырғанын мойындаған. “Қазақстанға ”кіру” үшін ақша бердіңіз бе?” деген тікелей сауалға Миттал “Иә, “комиссиондық” негізде 100 млн АҚШ долларын беріп жібердім” деп жауап беріпті” деп тағы бір шындықтың бетін ашты.
Демек, Миттал 100 млн долларды Машкевичке, ал ол мұны жоғарыда отырғандарға үлестірген.
Өкініштісі, “Қарметкомбинаттың” құны кемі 2 млрд долларға бағаланғанымен, Миттал оны бар-жоғы 220 млн долларға сатып алды. Онда да қаржыны бірден емес, комбинаттың өнімнен түскен пайдамен есептесті.
Салыстырмалы түрде айтсақ, Миттал Украинадағы дәл осындай зауытқа 5 млрд доллар төлеп қол жеткізген болатын.
https://dalanews.kz/saraptama/98022-rerikh-dariganyng-aiagyna-zhygylyp-keshir