"Ең алдымен сыртқа шығу - ол өзіңіздің қаупіңізді сақтау. Афтершоктардың күші бірінші жер сілкінісінен кейін әлсіз болады. Былтыр Түркиядағы жер сілкінісінің афтершоктары әлі болып жатыр. Сондықтан түндегі жер сілкінісінен кейін 100-ден афтершок болды. Оның үшеуі сезілді. Қалғаны магнитудасы 5-тен төмен әлсіз болды", - дейді сейсмология институның өкілі.
Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаевтың сөзінше, жойқын зілзала болмайды.
"Бізде жойқын зілзала бола ма? Мен 100 пайыз жоқ деп айта аламын. Бізде күшті және жойқын жер сілкінісі болмайды, қатты жер сілкінісі болмайды. Дүмпу азайып барады. Біздің қаланың тұрғындары мен қонақтары қандай да бір дүмпулерді сезінген жағдайларда, жер сілкінісі кезінде әрекет ету ережелерін білу қажет", - дейді ол.
Айта кетейік, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "НТЦСН и И" сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақыты бойынша сағат 2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 00:09:02-де (2024 жылғы 22 қаңтарда Гринвич бойынша 18 сағат 09 мин 02 сек) жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 5 балл, Шымкент 2 балл болып сезілген.
Артынша жер сілкінісі тағы да сезілді. Көп ұзамай жер сілкінісінің үшінші толқыны сезілді.
Сурет: Tengrinews.kz
https://dalanews.kz/news/98048-almatyda-zher-silkinisi-kezinde-terez