Шымкентте 655 адамға рақымшылық жасалады

Қаракөз Амантай 03 қаз. 2025 17:22

Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай Шымкенттегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 655 сотталушыға рақымшылық жасалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Гуманизм қағидатына сүйене отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған рақымшылық туралы Заң күшіне енді. Осы Заңға сәйкес Шымкент қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 655 сотталғанға рақымшылық жасалады", – делінген ресми хабарламада.

Қаланың қылмыстық істер жөніндегі межрайондық соты 185 сотталғанға қатысты материалдарды қарады. Оның нәтижесінде 88 адам жазадан толық босатылды, ал 97 сотталғанның жаза өтеу мерзімі қысқартылды.

Еске салайық, 1 қазанда ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық науқанының аяқталғанын хабарлаған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар