Танымал олигархтың әйелі "Қаңтар" қайталанбауы үшін салық төлеу керегін айтты

Көркем Алдабергенова 03 қаз. 2025 15:57

Олигарх Сергей Канның әйелі, кәсіпкер Жанна Кан елде тұрақсыздық болмауы үшін салық төлеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Біз салық төлеуге дағдыланбағанбыз, мемлекет біз үшін бөтен нәрсе сияқты: қайда кетіп жатқанын түсінбейміз. Бірақ әлемде заң осылай жұмыс істейді: егер бермесең, ештеңе алмайсың. Бұл экономиканың жағдайынан да, дамудың деңгейінен де көрініп тұр. (…) Мысалы, Швейцарияға, Америкаға, Францияға қараңыздар: онда ақшаның басым бөлігі салыққа кетеді. Бірақ адамдар оған үйренген, өйткені кейін ол салықтар өздеріне қайтып келеді. (…)

Бірақ, білесіздер ме, салық төлеген әлдеқайда жақсы. Әйтпесе тұрақсыз мемлекетте өмір сүресің: кез келген сәтте жаңа «Қаңтар» болып кетуі мүмкін немесе біреу бизнесіңді тартып алуы ықтимал. Ертең тұрақсыздық болуы мүмкін, тіпті соғыс басталып кетуі ғажап емес», – деді Жанна Кан.

Айта кетейік, Жанна Канның күйеуі – олигарх Сергей Кан мен оның серіктесі Александр Клебанов әртүрлі күмәнді схемалар мен энергетикалық кәсіпорындардағы, соның ішінде Екібастұздағы ЖЭО-дағы проблемалар үшін сынға ұшыраған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар