Қазақтарға тіл тигізген Аликаның ісі сотқа түсті

Көркем Алдабергенова 03 қаз. 2025 16:18

Қазақтарға тіл тигізген Алика Мұхамадиеваның ісі сотқа түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мұхамадиеваға Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі бойынша айып тағылған. Бұл бап – ұлттық, әлеуметтік немесе діни алауыздықты қоздыруға қатысты.

30 қыркүйекте аудан прокуроры істі сотқа жолдаған. Судья материалдарды қарап, басты сот отырысын тағайындады.

Негізгі сот тыңдауы 14 қазан 2025 жылы сағат 10:30-да Қарағанды қаласында өтеді. Іс ашық форматта қаралады.

Қосымша деректер:

  • Тергеу барысында заң бұзушылықтар анықталмаған.
  • Айыпталушының адвокаты сотқа қатысады.
  • Мемлекеттік айыптауды прокурор қолдайды, сонымен бірге куәгерлер де шақырылады.
  • Сот тілі – орыс тілі болып белгіленді.

Еске салайық, Алика Мұхамадиева әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін көпшілік тарапынан сынға ұшырап, іс қоғамда үлкен талқылау тудырған болатын. Ол Threads әлеуметтік желісінде жазбаға қалдырған пікірінде қазақтар мен мұсылмандарға тіл тигізген қыз ұсталды. Кейін ол ұлтаралық араздық тудырды деген күдікпен екі айға қамауға алынды.

Қазақстандағы орыстілді орта атышулы Аликаның әрекетін айыптаған болатын

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар