Қостанайда зейнеткерді өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды

Қостанайда зейнеткерді өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды
Фото: "Наша Газета"

Қостанайда 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды. Бұл туралы «Наша газета» басылымы хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті жедел-іздестіру шаралары барысында анықталып, қолға түскен.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полиция департаменті.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті 4 қарашада ұсталған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Басылым мәліметінше, қылмыс 30 қазанда Қостанайдағы Құбеев көшесінде болған. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, қарт адамның мәйіті тұрғын үй ауласындағы орындықтан табылған. Оның тамағы кесілгені хабарланған.