Ақтаудағы жекеменшік Tulpar School мектебінде болған оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Письма Президенту telegram-арнасында тараған мәліметке сәйкес, білім ордасы директорының әйелі Зухра Челик жұмыс барысында еден жуушы пайдаланған су толы шелекті әдейі тепкен.
Оқиға мектеп ғимаратындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жарияланған кадрлардан әйелдің дәліздегі шелекті аяғымен итеріп жібергенін байқауға болады.
Тараған ақпаратта аталған жағдайға байланысты полицияға арыз берілгені жазылған.
Әзірге Маңғыстау облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Мектеп әкімшілігінің де ұстанымы жарияланбады.