Сенімділік, қауіпсіздік, жайлылық пен басқару мүмкіндігі – қазақстандықтар көлік таңдағанда ескеретін негізгі критерийлер. Әсіресе ауа райы құбылмалы, жол қашықтығы ұзақ әрі жол жағдайы әртүрлі елде автокөліктің күнделікті пайдалануға қаншалықты қолайлы екені маңызды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Көліктің дизайны назар аудартқанымен, сатып алу туралы шешімге көбіне практикалық сипаттамалар әсер етеді. Мәселен, автомобильдің қыста өзін қалай ұстайтыны, қаншалықты қауіпсіз екені және жүргізушіге қандай технологиялар көмектесетіні ескеріледі.

MG автомобиль брендінің тарихы 1924 жылдан басталады. Британдық автокөлік өндірісінің 102 жылдық тарихы бар бренд алғашында спорттық көліктер шығарумен танылған. Оның инженерлік тұжырымдамасының негізінде динамика, басқару мүмкіндігі және көлік жүргізуден ләззат алу қағидалары жатыр.
Кейін MG қытайлық SAIC Motor автомобиль концернінің құрамына кірді. Бұл британдық инженерлік тәжірибені заманауи технологиялармен, өндірістік мүмкіндіктермен және жаңа әзірлемелермен ұштастыруға жол ашты. Қазір бренд халықаралық нарықта дәстүр мен инновацияны үйлестіретін автомобильдер ұсынады.
Сенімділік: ұзақ мерзімді пайдалану кепілі
Қазақстанның климаты мен жол жағдайы көлік шанағы мен техникалық бөлшектерінің қорғалуына ерекше талап қояды. MG автомобильдерінің барлығы толық мырышталған шанақпен жабдықталып, зауытта түбі коррозияға қарсы өңдеуден өтеді.
MG 5 және MG ZS модельдерінде вариатордың салқындату жүйесіне арналған қосымша радиатор қарастырылған. Ол көлікті пайдалану кезінде температуралық жүктемені азайтуға көмектеседі.

Сатып алушылар үшін тағы бір маңызды фактор – өндірушінің ресми кепілдігі. MG автомобильдеріне 5 жыл немесе 150 мың шақырым жүріс қоры көлемінде кепілдік беріледі. Өндіруші шарттарына сәйкес, ол негізгі тораптар мен агрегаттарды, сондай-ақ аспа жүйесінің бөлшектерін қамтиды. Бұл көлікті тек бастапқы бағасына қарап емес, ұзақ мерзімді пайдалану шығындарын ескере отырып таңдауға мүмкіндік береді.
Қауіпсіздік: жүргізушіге көмектесетін технологиялар
Қалада да, тасжолда да жүргізушіге электронды көмекші жүйелер қолдау көрсетеді. MG ZS, MG HS және MG RX9 модельдерінде жинақтамасына қарай MG Pilot жүйесі қолжетімді. Оның құрамына адаптивті круиз-бақылау, жолақта ұстау көмекшісі, соқыр аймақтарды бақылау және соқтығысу қаупі туралы ескерту функциялары кіреді.

Көру камералары мен тұрақ датчиктері көлікті қою және маневр жасау кезінде көмектеседі. Ал ISOFIX бекіткіштері балаларға арналған автокреслоларды орнатуға мүмкіндік береді. Дегенмен электронды көмекші жүйелер жүргізушінің жолға назар аудару міндетін алмастырмайды.
MG брендінің қауіпсіздік деңгейі Euro NCAP тәуелсіз апаттық сынақтарының нәтижелерімен де расталады. Брендтің бірқатар моделі сынақ қорытындысы бойынша ең жоғары – бес жұлдызды баға алған.
Кез келген маусымдағы жайлылық
Қазақстанның ауа райы жағдайында көліктің жылыту және салқындату жүйелері де маңызды. Қыста орындықтарды, руль мен айналарды жылыту функциялары, ал жазда тиімді климат-бақылау жүйесі қажет.
MG HS және MG RX9 модельдерінде алдыңғы орындықтарды желдету мүмкіндігі бар. Жеті орындық MG RX9 үш аймақты климат-бақылау жүйесімен жабдықталған.
Ұзақ сапар кезінде орындықтардың ыңғайлылығы, салон кеңістігі, дыбыс оқшаулауы және смартфонды Apple CarPlay немесе Android Auto арқылы қосу мүмкіндігі де маңызды рөл атқарады.
Әртүрлі қажеттілікке арналған көліктер
Заманауи автомобиль иесінің өмір салтына сай болуы керек. Біреуге күнделікті қала ішінде жүруге ыңғайлы көлік қажет болса, енді біреуге отбасымен алыс сапарға шығуға арналған кең салонды жол талғамайтын көлік керек.

MG модельдер қатары әртүрлі қажеттіліктерді ескеруге мүмкіндік береді. MG 5 седаны маневр жасауға ыңғайлы әрі жүксалғышының көлемі 422 литрді құрайды. MG ZS ықшам өлшемдерімен және клиренсінің биіктігімен ерекшеленеді. MG HS динамикалық сипаттамалары мен кең салонын ұсынады. Ал жеті орындық MG RX9 толық жетек жүйесімен жабдықталған және отбасылық сапарларға арналған.
Басқару: әр шақырымдағы сенімділік
Автомобиль таңдағанда салондағы жайлылықпен қатар оның жолдағы жүрісіне де назар аудару қажет. Тасжолдағы тұрақтылық, жүрістің бірқалыптылығы мен басқарудың болжамдылығы сапар қауіпсіздігі мен жайлылығына тікелей әсер етеді.
MG модельдерінде басқару мен жайлылықтың тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған еуропалық шасси баптаулары қолданылған. Сонымен қатар жүргізу режимдерін таңдау мүмкіндігі көліктің мінезін жол жағдайы мен жүргізушінің қалауына қарай бейімдеуге көмектеседі.
Өмір салтына сай таңдау
MG модельдер қатары әртүрлі сұранысқа жауап береді. MG 5 седаны күнделікті сапарларға арналған. MG ZS ықшам кроссовері қала ішінде және белсенді өмір салтында пайдалануға ыңғайлы. MG HS кең салон мен заманауи технологияларды бағалайтындарға арналған. Ал жеті орындық, толық жетекті MG RX9 отбасылық саяхаттарға бағытталған.
Сайып келгенде, ең қолайлы автомобиль – сатып алған күні ғана емес, бірнеше жылдан кейін де иесінің қажеттілігін өтей алатын көлік. Мұны бағалаудың бір жолы – ресми дилерден тест-драйвтан өту.
Модельдер мен жинақтамалар туралы толық ақпаратты mg.com.kz сайтынан алуға болады. Тест-драйвқа жазылу нөмірі: 3388.