Ұшақтың алдыңғы бөлігі қанға боялған: Қызылордадан ұшып шыққан рейс құстармен соқтығысқан

Ұшақтың алдыңғы бөлігі қанға боялған: Қызылордадан ұшып шыққан рейс құстармен соқтығысқан
ашық дереккөз

Қызылордадан Астанаға ұшқан ұшақ құстармен соқтығысты. Жолаушылардың бірі ұшақтың алдыңғы бөлігі қанға боялғанын айтып, ұшқыштардың шеберлігіне тәнті болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ұшақ қосымша тексеріске жіберілді

Vietjet Qazaqstan мәліметінше, оқиға 4 қарашада болған. Құстармен соқтығысқаннан кейін ұшақ қосымша техникалық тексеріске жіберілген. Соның салдарынан әуе компаниясының бірнеше бағыттағы рейстері кешіккен.

Компания өкілдері рейстердің кешігуін барынша азайтып, қалыпты ұшу кестесін тезірек қалпына келтіру үшін шаралар қабылдап жатқанын мәлімдеді.

Жолаушыларға рейстер туралы кейінгі ақпаратты әуе компаниясының ресми арналары арқылы тексеріп отыру ұсынылды. Қосымша сұрақтар туындаса, компания өкілдеріне хабарласуға болады.

Жолаушы ұшқыштардың шеберлігіне тәнті болды

Dalanews.kz осы рейстегі жолаушылардың бірімен тілдесті. Ол түскеннен кейін ғана ұшақтың алдыңғы бөлігі қан болғанын байқағанын айтты. Жолаушы құстармен соқтығысқан ұшақты басқарған ұшқыштардың кәсіби шеберлігіне тәнті болды.