Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі ретінде танылған Айманның жаңа кәсіп бастағаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Желіде жарияланған видеода Айман әйелдерге арналған спорттық киімдерді таныстырып, олардың ерекшеліктері туралы айтып берген.
Мәліметке сүйенсек, ол TADDS брендімен шығарылған спорттық костюмдерді сатылымға ұсынған. Жарнамалық бейнежазбада киімдердің тығыз, жоғары сапалы мақта матасынан тігілгені айтылған.
Ал бір спорттық жиынтықтың құны 35 мың теңге екені көрсетілген.
Айманның кәсіпкерлікке бет бұруы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Жарияланған бейнежазба желіде талқыланып, оқырмандар жаңа киім үлгілеріне қатысты пікір білдірген.