Еуразиялық форум: Алматыда жол инфрақұрылымындағы жаңа технологиялар таныстырылды

Ақтоты Жапатова 03 қаз. 2025 17:04

Алматы қаласында көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі мен саланы цифрландыруға арналған VI Еуразиялық форум басталды. Ауқымды шараға жол қозғалысы саласының халықаралық сарапшылары, тасымалдаушы мекемелер мен ұлттық компаниялар, мемлекеттік органдар мен отандық мамандар қатысып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz

Форум барысында қозғалыс қауіпсіздігін арттыру, интеллектуалды көлік жүйелерін енгізу, цифрлық шешімдер арқылы апаттық жағдайлардың алдын алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жол инфрақұрылымының сапасын бақылауда жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі атап өтілді.

Жол активтері сапасының ұлттық орталығының Бас директоры Болатбек Айтбаев өз баяндамасында саладағы негізгі басымдықтарға тоқталды.

«Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең алдымен жол сапасы жоғары деңгейде болуы қажет. Біз қазір жаңа технологияларды енгізу арқылы жолдың жағдайын жедел бағалап, деректерді цифрлық жүйеде жинақтауға мән беріп отырмыз. Бұл – апаттың алдын алу мен қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік беретін маңызды қадам», – деді ол.

Шара аясында мамандар заманауи инновациялық шешімдермен тәжірибе алмасып, көліктегі цифрландыру үдерістерінің аймақтық даму бағытын айқындап жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар