Алдыбергеновтің орнына ҚТЖ-ны кім басқаратыны белгілі болды

Алдыбергеновтің орнына ҚТЖ-ны кім басқаратыны белгілі болды
ашық дереккөз

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Бауыржан Орынбасаров тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бауыржан Орынбасаров 1970 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын тәмамдаған.

Ол теміржол саласында 30 жылдан аса еңбек етіп келеді. Еңбек жолын Батыс Қазақстан теміржолында бастап, станция кезекшісі, пойыз диспетчері, бас инженер, ҚТЖ филиалдарының директоры және басқарушы директор сияқты түрлі қызмет атқарған.

Сондай-ақ, ҚТЖ вице-президенті болып жұмыс істеп, компанияның инфрақұрылым жобалары мен магистраль желі дирекциясына жетекшілік еткен. 2022 жылғы қаңтардан бері ҚТЖ-ның өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директорының міндетін атқарушы қызметін атқарып келген.

Айта кетейік, ол бұл қызметке Талғат Алдыбергеновтің орнына келді.