Қазақстанда босқын мәртебесін алу тәртібі өзгерді

Қазақстанда босқын мәртебесін алу тәртібі өзгерді
ЖИ: dalanews

Қазақстанда босқын мәртебесін алу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

2026 жылғы 30 маусымда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қол қойған бұйрыққа сәйкес, елге келген немесе қудалау қаупі туындаған азаматтар бес күн ішінде тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жазбаша өтініш беруі тиіс.

Өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттар қоса тіркеледі. 18 жасқа толған адамдарға Қазақстан аумағында заңды түрде жүргенін растайтын, үш ай мерзімге жарамды куәлік беріледі.

Егер өтініш отбасы мүшелерімен қайта қосылу негізінде берілсе, өтініш иесі туыстық қатынасты растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті. Сонымен қатар, ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тексеру үшін өтініш берушімен және қабылдаушы тараппен сұхбат жеке-жеке жүргізіледі.

Жаңа бұйрық 2026 жылғы 18 шілдеден бастап күшіне енеді.