Дропперлердің есепшоттары арқылы 112 млрд теңге өткен

Дропперлердің есепшоттары арқылы 112 млрд теңге өткен
ЖИ: dalanews

Қазақстанда дропперлердің банктік есепшоттары арқылы 112 млрд теңге айналымнан өткен. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы екі айда 1 мыңнан астам дроп-карта бұғатталған.

Батыс Қазақстан облысында халықаралық «дроповодтар» желісінің заңсыз қызметі тоқтатылды. Тергеу барысында шамамен 17 млн теңге өткен банктік есепшоттар бұғатталғаннан кейін күдіктілер 18 жастағы есепшот иесін ұрлап әкетіп, күш қолданамыз деп қорқытып, шоттарға қолжетімділікті қайта қалпына келтіруді талап еткені анықталды.

Ал Жетісу облысында жергілікті тұрғын кураторлардың нұсқауымен өзінің жеке банктік есепшоттарын интернет-алаяқтық арқылы алынған қаражатты қабылдап, кейін оны ұйымдастырушыларға аудару үшін пайдаланған.

Сондай-ақ Түркістан облысында Telegram арқылы студенттер мен кәмелетке толмағандар ақшалай сыйақы үшін интернет-банкингке қолжетімділікті беруге тартылған. Соның салдарынан 20-дан астам жас азаматқа қатысты тергеу басталды.