Павлодар–Қызылорда тасжолында, Атамекен ауылының маңында көлік жылқыға соқтығысты. Оқиға салдарынан екі адам көз жұмып, тағы бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Павлодар облыстық Полиция департаменті мәліметінше, қайғылы жағдай 2 қазанда тіркелген. Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатып, жолға шыққан жылқыға соғылған. Қатты соққыдан көлік жол жиегіне шығып, аударылып кеткен.
"Оқиға салдарынан екі жолаушы қаза тауып, жүргізуші жарақат алды. Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында жылқы иесінің әрекетіне де құқықтық баға беріледі", – деді полиция.