Алматы облысында оқушыларға қол көтерген мұғалім жұмыстан босатылды

Қаракөз Амантай 03 қаз. 2025 16:21

Алматы облысында оқушыларға орынсыз әрекет көрсеткен мұғалім жұмыстан босатылды. Бұл туралы өңір әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желіде математика пәні мұғалімінің оқушыларды ұрған сәті түсірілген бейнежазба тараған. Артынша білім бөлімі тексеріс жүргізді.

“Оқиға 2024 жылдың қыркүйегінде Қарасай ауданында 9-сынып оқушылары арасында болған. Тексерістің қорытындысы бойынша аудандық білім бөлімі математика пәнінің мұғалімін қызметінен босату туралы шешім қабылдады”, – делінген ресми мәлімдемеде.

Педагог 2025 жылы 30 қыркүйекте жұмыстан шығарылған. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, қазір қажетті шаралар қабылданып, профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Бейнежазбада мұғалімнің сабақ үстінде оқушыларды ұрғаны байқалады. Сондай-ақ кадр сыртынан бір оқушының: “Апай, міне сіздің телефоныңыз!” деген дауысы естіледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар