Қазақстанның батыс аймақтарында жылыту маусымының басталу мерзімдері белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ақтау
Ақтауда жылу кезең-кезеңімен беріледі:
7 қазаннан бастап – әлеуметтік нысандарға;
10 қазаннан бастап – тұрғын үйлерге.
Қала әкімі Әбілқайыр Байпақов үй басқару органдарына жүгінді.
«Тұрғын үйлердің дайындық актілері қысқа мерзімде берілуі тиіс. Қызмет көрсетуші ұйымдар жұмысты күшейтіп, барлық мәселені 5 қазанға дейін аяқтауы қажет», – деді Байпақов.
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында әлеуметтік нысандарға жылу 1 қазаннан бастап берілді. Ал тұрғын үйлерді 15 қазаннан бастап жылыту жоспарланған.
Атырау облысы
Атырау облысындағы үйлерге жылу 15 қазанда беріледі. Өткен жылы да дәл осы күні басталған болатын.
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысында да жылыту маусымы 15 қазанда басталады.
Айта кетейік, бұған дейін жылу Астана, Петропавл, Көкшетау және басқа да қалалардың үйлеріне қосылған еді.