Қазақстан мұнай өндіру көлемін біртіндеп ұлғайту жөніндегі ОПЕК+ шешімін қолдайды

Кәмшат Тілеухан 03 қаз. 2025 13:30

Бүгін, 2025 жылы 2 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ОПЕК-тің бас хатшысы Хайтам әл-Гаисты қабылдады. Ақорданың хабарлауынша, тараптар әлемдік мұнай нарығының қазіргі жағдайы мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысы ОПЕК-тің жаһандық мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалап, Хайтам әл-Гаистың сапарын еліміз бен ұйым арасындағы конструктивті диалогты дамытуда маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті.

Президенттің айтуынша, Қазақстан ұлттық мүддені қорғауға басымдық бере отырып, мұнай өндіру көлемін біртіндеп ұлғайту жөніндегі ОПЕК+ шешімін қолдайды.

Әңгімелесу барысында өңірдегі энергетикалық жүйенің орнықтылығын нығайту бағытындағы бірлескен шаралар пысықталды. Сондай-ақ мұнай өндіруші елдер мен көмірсутегін импорттаушы мемлекеттер арасындағы мүдделер теңгерімін сақтаудың маңызына мән берілді.

Айта кетсек, ОПЕК хатшылығы 1 қазанда алты елден, атап айтқанда, Ресейден, Ирактан, Біріккен Араб Әмірліктерінен, Кувейттен, Қазақстаннан және Оманнан мұнай өндірісі көлемін қысқарту бойынша қарыздарды өтеудегі жаңартылған кестені алғандарын хабарладыReuters агенттігінің хабарлауынша, бұл қысқартулар олардың алдында артық өндірген көлемін жабу үшін қажет әрі ол 2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың маусымына дейінгі кезеңді қамтиды. Оның басым бөлігін Қазақстан, одан кейін Ирак, БАӘ және Ресей қамтиды. Кестеге сәйкес, Қазақстан ағымдағы қосымша квоталардан тыс өндірісті 2025 жылғы қыркүйекте тәулігіне 16 мың баррельден 2026 жылғы маусымда 656 мың баррельге дейін (тотал 2917)  қысқартуы тиіс. 2026 жылғы маусымда барлық алты елдің қосымша қысқарқан мұнай өндірісінің жалпы көлемі тәулігіне 829 мың баррелді құрайды, ал оның 79%-ы Қазақстанға тиесілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар