2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген алаяқтыққа күдікті Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы мен ІІМ Криминалдық полиция департаменті қызметкерлері Қазақстанның Анталиядағы Бас консулдығының қолдауымен 30 жастағы Қазақстан азаматын ұстаған.
16 шілдеде күдікті Түркия Республикасынан Қазақстанға депортацияланды. Оның елге қайтарылуына Қазақстанның Анталиядағы Бас консулдығы мен ІІМ қызметкерлері жәрдем көрсеткен.
Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті 2021 жылдың тамызы мен қыркүйегі аралығында сыбайластарымен бірге жәбірленушілердің сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 6 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген.
Қазіргі уақытта күдікті қылмыстық іс аясында тергеу органдарына тапсырылды. Тергеу жалғасып жатыр.