Геосаяси тұрақсыздық бизнеске төнетін қауіптер тізімінде алдыңғы қатарға шығуда - экономист

Кәмшат Тілеухан 03 қаз. 2025 15:09

Aon зерттеу институтының жүргізген жаһандық зерттеуіне сәйкес, соңғы үш жыл ішінде геосаяси тұрақсыздық бизнеске төнетін қауіптер тізімінде жылдам көтеріліп, алдыңғы қатарға шығуда. Мәселен, егер ол 2023 жылы 21-ші орында болса, 2028 жылға қарай ол негізгі тәуекелдердің бестігіне кіреді деп болжанады. Бұл туралы Telegram-дағы Tengenomika арнасының авторы Руслан Сұлтанов айтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аса үлкен алаңдаушылық Еуропада, Таяу Шығыста және Африкада тіркелген, онда аталған қауіп деңгейі үшінші орынға көтерілген.  Азия-Тынық мұхиты аймағында және Солтүстік Америкада да қауіп күшейіп, үздік бестікке жетті.

Маманның айтуынша, Қазақстан үшін геосаяси турбуленттілік абстрактіліден шынайы қауіпке айналуда. Атап айтқанда:

  • Көлік және логистика. Қазақстан өзін негізгі транзиттік көпір ретінде танытады, алайда өңірдегі тұрақсыздық "Қытай – Еуропа" және "Солтүстік – Оңтүстік" дәліздерін бұзып, шығындарды ұлғайтып, бәсекеге қабілеттілікті төмендетуі мүмкін.
  • Санкциялық тәуекелдер. Қазақстан Ресей, Қытай және ЕО арасындағы тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқарады. Санкция режимдерін қатаңдату сауда мен қаржылық есеп-айырысуларды күрделендіріп, шығынды ұлайтуда.
  • Инвестициялар. Қазақстан басқа дамушы нарықтармен капиталға таласып, бәсекелеседі және геосаяси дүдамалдылықтың артуы инвесторлар үшін қосымша кепілдіктерді талап етеді.
  • Энергетика. Кез келген сыртқы саяси күйзелістер бюджеттің негізгі кіріс көзі болып табылатын мұнай, газ және уран бағасына бірден әсер етеді.
  • Әлеуметтік сезімталдық. Логистика мен шикізаттың қымбаттауы инфляцияны жеделдетеді.

"Осы жағынан алғанда, Қазақстан үшін геосаяси тәуекелдер дамушы жүйелі факторға айналуда. Тұрақтылық үш қадамды қажет етеді: нарықтар мен жеткізілім жолдарын әртараптандыру, жергілікті өндірістерден бастап адами капиталға дейінгі өсімнің ішкі драйверлерін нығайту және жылдам әрекет ету үшін резервтер құру. Бірінші болып туындаған жағдайға кім бейімделе алада, солар сыртқы турбуленттілікті ұзақ мерзімді өсім мүмкіндіктеріне айналдыра алады",  - дейді экономист.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар