"Қолында тапаншаға ұқсас зат болған": Алматыда жолда жанжал шығарған ер адам ұсталды

Сағыныш Сардарова 03 қаз. 2025 17:16

Алматыда жолда жанжал шығарған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желілерде жолда екі ер адамның арасындағы жанжалдың видеосы таралды. Кадрда олардың бірінің қолында тапаншаға ұқсас зат болғанын көруге болады.

ІІМ мәліметінше, тексеріс барысында ер адамның қолындағы зат тапанша емес, соның пішініндегі оттық екені анықталған.

"Ер адам дереу ұсталып, оның әрекеттері ұсақ бұзақылық ретінде бағаланды. Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамауға алынды", - деді полиция.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар