Ресейдің Қазақстанмен шекаралас Орск қаласы дрондар шабуылына ұшырады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жергілікті биліктің мәліметінше, шабуылдың мақсаты өндірістік нысан болған. Ресейлік телеграм-арналарда оның «Орскнефтеоргсинтез» мұнай өңдеу зауыты екені жазылды. Қала аумағында кемінде екі дрон құлағаны хабарланды.
Орынбор облысының губернаторының айтуынша, шабуылдан зардап шеккендер жоқ, зауыт жұмысы да тоқтаған жоқ. Оқиға орнында төтенше қызмет өкілдері мен Қорғаныс министрлігі жұмыс істеп жатыр. Қалада әуе дабылы жарияланып, тұрғындарға көшеге шықпау ескертілді.
Ресейлік ресми тұлғалардың айтуынша, Орск қаласы Украина шекарасынан шамамен 1400 шақырым қашықта орналасқан.