“Қайратпен” ойнаған даңқты Куртуаның жейдесі кімге бұйырды?

Көркем Алдабергенова 03 қаз. 2025 13:19

"Реал" қақпашысы Тибо Куртуаның матчтан кейінгі жейдесі жас қақпашы Шерхан Қалмырзаның атасына бұйырды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Шерханды бала күнінен атасы да, әжесі де қолдап келеді. Олар жас қақпашыны бала күнінен жаттығуға апарып, шыңдаған. 

Матчтан кейін Шерхан Куртуамен әңгімелесіп, артынша екеуі жейделерін алмасқан болатын. Шерхан Куртуадан алған жейдесін атасына сыйлаған. 

Еске салайық, бұған дейін журналист Оралхан Дәуіт жас қақпашы Шерхан Қалмырзаның шығу тегіне қатысты қызық дерек бөліскен болатын. 

Сонымен қатар, желіде "Қайрат" қақпашысы Шерхан Қалмырзаның анасы Сәуле Рабаева туралы дерек тараған еді.

Ол медиа саласында еңбек етіп, "Түнгі студия", "Балапан" секілді жобалардың продюсері ретінде танылған.

Бірақ Рабаеваның ең үлкен "жобасы" – екі ұлы. Шерханның бойындағы қайсарлық та анасының мықты мінезінен нәр алғандай.

Айта кетейік, 30 қыркүйекте Алматыда өткен "Қайрат" пен "Реал" арасындағы тарихи матчта 18 жастағы Шерхан Қалмырза әлем назарына ілінді. Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) "Қайрат" қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның сейвін Чемпиондар лигасының ойын күніндегі үздіктердің бірі деп атады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар