Желіде "Қайрат" ойыншысы Дастан Сәтпаев пен қақпашы Шерхан Қалмырзаның аналары туралы деректер тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Дастанның анасы – Мадина Сәтпаева. Ол әлеуметтік желілерде өзін көп жарияламайтын жан. Дегенмен, ұлы секілді белсенді өмір салтын ұстанады: спортпен шұғылданады, йогаға қызығады, таңғы тәртіпті берік сақтайды. Дастанның футболға деген ынтасын алғаш байқаған – атасы. Бірақ ол құлшыныстың үлкен алауға айналуына себепкер болған – анасы.
Фото: Nobel Youtube-арнасынан кадр
Ал Шерханның анасы – Сәуле Рабаева. Ол медиа саласында еңбек етіп, «Түнгі студия», «Балапан» секілді жобалардың продюсері ретінде танылған.
Фото: instagram
Бірақ Рабаеваның ең үлкен "жобасы" – екі ұлы. Шерханның бойындағы қайсарлық та анасының мықты мінезінен нәр алғандай.