Жетісу мамандары Өзбекстандағы оңалту орталығынан тәжірибе алды

Ақтоты Жапатова 30 мау. 2025 17:10

Жуырда «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Қаратал күндізгі болу орталығы» КММ қызметкерлері Өзбекстан Республикасының Мүгедектерді оңалту және протездеу ұлттық орталығына тәжірибе алмасу сапарымен барды,- деп хабарлайды Dalanews.kz 

Сапардың мақсаты – мүгедектерді оңалту саласындағы озық тәжірибелермен танысу және екіжақты әріптестікті дамыту. Делегация орталықтағы оңалту және протездеу қызметтерімен, оның ішінде CME әдісімен (Куэвас Медек Жаттығулары) танысты.

Іс-шара аясында мамандар психологиялық, әлеуметтік, кәсіби оңалту бағыттарында көрсетілетін кешенді қызметтермен танысып, мамандармен тәжірибе бөлісті.

Сапар барысында орталық мамандары қонақтарға оңалту әдістерін іс жүзінде көрсетіп, нақты бағыттар бойынша кеңес берді.

Мұндай тәжірибе алмасу әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыратын, инклюзивті қоғам құру жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Жетісу облысы мен Өзбекстан арасындағы бұл кәсіби байланыс болашақта мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруда өзінің оң ықпалын тигізетін болады. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар