«Кеше бала құқығын қорғау мәселері жөніндегі заң жобасы бірініші оқылымда мақұлданды. Әрине, нормалары екінші оқылымға дейін әлі талқыланады. Аталған заң жобасында тіпті ауылдық жерлерге дейін қажеттілігі бар балаларды оңалтумен қамтуға, суицидтің алдын алуға, мектептерде буллингтің алдын алуға, балама кітаптармен қамтуға бағытталған өте маңызды бастамалар көзделген», - деп жазды
Мәжіліс депутаты Facebook -те. Оның атап өтуінше, заң жобасында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды сәбилер үйінен балалар үйіне ауыстыру жасын 3-тен 6 жасқа дейін ұзарту көзделеді. «Дегенмен, бүгінде ең көп талқылауға түскені кибербулингтің алдын алу туралы норма болып тұр. Жекелеген қоғам өкілдері тіпті құжатты «Сарым-Зәкиева түзетуі» деп атауды ұсынып, аты-жөндерімізде есте сақтауға уәде беріп жүр.
Егер бұл бір баланың өмірін қорғап қалатын болса, онда мен келісемін. 10 жыл болды балаларға көмектесумен айналысып келемін. Қудалау, кибербуллинг суицид себебі болуы жиілеп кетті. Осы жылдың 6 айында ғана 193 бала өз-өзіне қол жұмсамақ болып, 105 қайғылы аяқталды», деді ол. Оның атап өтуінше, кибербуллинг өте қорқынышты. Себебі оның шекарасы жоқ. Қаскөйден қашып құтыла алмайсың. Интернеттегі мұқтауды өшіріп тастау немесе ұмыту да оңай емес. «Осыған орай бүгінде барлығы да әлеуметтік желіге назар ауарып отырғаны қатты жабырқатады. Қызық, бүгінде әлеуметтік желі жайында ойлап, наразылық танытып жүргендер мұндай жайт балаларына қатысты болған кезде қалай әрекет жасар екен?», - деді Динара Зәкиева.
Мәселен, оның дерегінше, осы жылдың ішінде Ақпарат министрлігі кибербуллингтің 140 мың фактісін анықтап, компанияларға 1 700 өтінім жіберген. Алайда олардың тек 20-30 пайызында ғана аталған компаниялар әрекет жасаған. «Ұсынылып отырған түзетуге сәйкес, Қазақстандағы платформа өкілдігі еліміздің кез келген азаматы шағын жасаған жағдайда кибербуллинг фактілері тексерілгеннен кейін 24 сағаттың ішінде балаға зиянын тигізуі мүмкін ақпарат бар контентті жоюға міндетті болады. Біріншіден, ірі компаниялар үшін өкілдік ашу проблема болмайды.
Екіншіден, егер демократия жайында айтар болсақ, бұл мәселен, Франция, Германия сынды көптеген елдерде қолданылатын әлемдік тәжірибе. Бұл түзетулер барлық мемлекеттік органмен қарастырылғандығын, кибербуллингтен баланы қорғау мәселелері жөніндегі жұмыс тобы аясында Үкімет тарапынан ұсынылғандығын атап өткім келеді. Және де біз қолдап, оларды енгіздік. Өйткені, әлеуметтік желілерде баланы қорғау құралы бүгінде жоқ екендігін түсінеміз. Біз әлеуметтік желіге қарсы емеспіз. Біз балаларды қорғауды жақтаймыз.
Балалар – елдің басты байлығы. Бізде есте сақтаймыз дегендерге айтарым, жалған демократиялық ұстанымдарды жамылып, балаларды қорғауға қарсы болғандарды ұмытпайды», - деді Мәжіліс депутаты.