Алдағы күндері аймақта дала киіктерінің санын реттеу жұмыстары басталады. Жоспар бойынша жалпы популяцияның 20%-ы, яғни 460 мың бас киік ауланады.
Бұл жұмыстарды "Охотзоопром" мекемесінің 4 бригадасы жүргізеді.
– Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы министрлігімен бүкіл регламенттер, стандарттар белгіленді. Мысалы, ет өндеу консервілеріне немесе ет өңдеу кәсіпорындарынан бұқтырылған ет ретінде дүкендерге шығарып сату сияқты бүкіл ереже бар. Енді тек соны қадағалап, сапалы жұмыс жасауымыз керек, – деп мәлімдеді БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов.