Осы мақсатта өңірде арнайы ситуациялық орталық ашылып, сынақтан өткізу үшін пайдалануға беріліпті.
Бұл орталық Нұр-Сұлтан, Алматы және Қызылорда қалаларындағы сандық жүйеге қарағанда әлдеқайда озық. Ахметовтың айтуынша осы орталықта - жолдағы, мемлекеттік мекемелердегі қауіпсіздікті қамтитын, шұғыл және коммуналдық қызметтерді ұсынатын барлық ақпарат бір жүйеге біріккен.
Нақтылап айтсақ оның құрылымына ситуациялық және де инвестициялық орталық, жедел ақпарат орталығы («Сергек», қоғамдық тәртіп, бейнебақылау), төтенше жағдайлар мен коммуналдық қызмет, «109», EDDS-112 бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі кіреді.
Бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызмет іске қосылғалы 112 мен 109 қызметі 23 мыңнан аса қоңырау қабылдап, 7 мың құқықбұзушылықты анықтаған.
«Сонымен бірге, өңірде қоңырауды қабылдау және өңдеу бойынша барша қызметді біріктіретін бірыңғай алаң жұмыс істейді. Тамыз айынан бері тұрғындардың оператордың жауабына көңілі толды ма, жоқ па және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында өтініш берушілердің SMS-хабарламасы арқылы кері байланыс орнату жүйесін енгіздік», - деді ШҚО әкімі.