Нұр-Сұлтан. Әдеп жөніндегі уәкілі азаматтарды қабылдайды

Dalanews 27 қар. 2019 09:59 782

Елорда әкімдігінде қала әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің өкілімен бірлесіп азаматтарды қабылдайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

29 қарашада қала әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Руслан Сегізбаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің өкілі Дана Мұқанбедиевамен бірлесіп азаматтарды қабылдайды.

Қала әкімі аппаратының және оның қызметкерлерінің қызметіне қатысты туындаған сұрақтарға жауапты Бейбітшілік көшесі, 11 (224 каб.) мекен-жайы бойынша орналасқан қалалық әкімдікте сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін алуға болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар