Алматы облысының сәулет-құрылыс бақылау басқармасы: «23 заңсыз құрылыс нысаны сотқа жолданды»

Жарбол Кентұлы 26 қар. 2024 09:56 93

Өткен айда Алматы облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (ГАСК) инспекторлары ауқымды тексерістер жүргізіп, құрылыс нормалары мен ережелерін бұзудың жүздеген фактісін анықтады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексерістердің қорытындысы бойынша 78 әкімшілік материал әзірленді. Олардың 28-і облыстық соттарға жолданды, ал қылмыстық іс қозғалмаған құқықбұзушыларға жалпы сомасы 14 644 140 теңге айыппұл салынды.

Тексерістер барысында 23 заңсыз құрылыс нысаны анықталды. Олардың материалдары да сотқа жолданды. Заңсыз салынған құрылыстар, оның ішінде Талғар ауданындағы көпқабатты тұрғын үй кешені, бұзылуға жатады. Қазіргі уақытта 4 сабан үй бұзылды, ал 7 нысанға бұзу туралы талап-арыздар жолданды.

Қонаев қаласындағы оқу корпусы, «Eco-Park Alatau» ТК-ның кәріз жүйелері және Райымбек ауданындағы су бөгеттері құрылысы барысында көптеген бұзушылықтар анықталды. Жауапқа тартылған мердігерлер мен техникалық қадағалау ұйымдарына қатысты шаралар қабылданды. 61 құрылыс компаниясы жауапқа тартылды, оның екіуі — ТОО «Sheberbuild» және ТОО «Жаңарту» — сот шешімімен лицензиясынан айрылған.

– Алматы облысындағы құрылыс саласын тәртіпке келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біздің тексерістеріміз тек рәсім ғана емес, қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз ету үшін күрес, – деді Алматы облысы сәулет-құрылыс бақылау (ГАСК) басшысының міндетін атқарушы Ғабиден Өзенбаев. – Құрылыс нормаларын бұзушылар заң арқылы қатал жазаланатын болады. Біз облыс бойынша, әрбір құрылыс нысаны барлық талаптар мен стандарттарға сай болғанша алған беттен қайтпай тексеруді жалғастыра береміз!

Алматы облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (ГАСК) облыстағы құрылыс нормалары мен ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету жұмысын жалғастыра береді.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар