Back
| DalaNews

Өскеменде «100 жаңа есім» жеңімпаздары жерлестерімен интерактивті кездесу өткізді

Бүгін Өскемен қаласында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында жеңімпаз атанған шығысқазақстандық азаматтармен «Әр адамның жетістігі –  мемлекеттің жетістігі» тақырыбында  интеравтивтік кездесу өтті.

«Рухани жаңғыру» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен өткен кездесуге Жарма ауданындағы «Шалабай» ЖШС-нің бас директоры Қуаныш Сүлейменов, ақын, «Серпер» республикалық жүлдесінің иегері Ержан Жұмабеков, суретші, Өскемен қаласындағы «Perfomance» арт-студиясының жетекшісі Ольга Чавкина қатысып, жастар сауалдарына жауап беріп, ойларымен бөлісті. Айта кетсек, үш жыл қатарынан өткізіліп келетін республикалық сайыққа шығысқазақстандықтар жоғары белсенділікпен қатысып, жеңімпаздар тізімінде көрініп келеді. Өткен жылдың өзінде байқауға 274 облыс тұрғыны қатысып, жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесінде үшеуі жеңіске жетті.

Интерактивтік кездесуге қатысқан облыс тұрғындары мен жастары жоғары қызуғышылық танытып, кездесу қонақтарына өз салаларында қалай үздік атанып, жеңіске жету жолдары мен оның құпиялары туралы сауалдарын жолдады.

Бүгінгі жастарда мүмкіндіктер қатары өте көп, олар мобильді, яғни кез келген саланы меңгеріп, жеңіске жете алады. Тек қана алға қойған айқын мақсат пен жоғары еңбексүйгіштік керек, дейді кездесу спикері «Шалабай» ЖШС-нің бас директоры Қуаныш Сүлейменов.

Бүгінде Қуаныш Серікқазыұлы еліміздегі ірі кәсіпорын басшысы, меценат. Жарма ауданында мектеп директоры болып жүріп, ауылшаруашылық саласына бет тұрған кәсіпкердің өзі айтып өткендей, әр адам өзіне жақын және туған жеріне пайдасы бар іспен айналысу керек. Шаруа басшысының алға қойған жоспары да көп. Оның бірі – ТМД елдерінде «Қазақтың ақ бас» брендін бекітіп, асыл тұқымды мал санын арттыру.

| DalaNews

Ержан Жұмабек

Ал, көптеген танымал әндердің авторы, ақын Ержан Жұмабек тыңдарман жастарға рухани тәрбие жағынан үлкен мотивация берді.

Адамның өмірдегі жетістігі отбасы мен қоршаған ортасына байланысты. Сондықтан балаларымызға саналы тәрбие беріп, ата дәстүрі мен салтына баулуымыз – үлкен істің бастауы, дейді ақын. Сонымен қатар, кездесу барысында облыс жастары Ержан Жұмабекке шығысқазақстандық жастардың гимнін жазуды ұсынды.

Аудандардан тікелей байланысқа қосылған жастар қауымы суретші Ольга Чавкинаға да шығармашылыққа қалай келіп, қоғамдық өмірдегі белсенділігі туралы сауалдарын қойды. Өскемен қаласында бейнелеу өнері студиясының жетекшісі бүгінгі таңда жастарды да шығармашылыққа баулып келеді.

Жастар әр минуттың қадірін біліп, үнемі ізденісте болса, көптеген пайдалы бастаманың жанынан табылады, – дейді жас талант иесі.

Айта кетсек, аталмыш кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Тағы оқыңыз:

 

Шығыс Қазақстанға COVID-19-дан қорғау құралдары жеткізілді (фото)