ІІМ Ұлттық ұлан борты жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарын Маңғыстау облысына жеткізу үшін жіберілді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жол апатынан қаза тапқандардың туыстары олардың денелерін сәйкестендіру және басқа қажет рәсімдерді өткізу үшін ұшып барады.
"Борт қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады. Қаза тапқандардың ішінде бес әйел Қарағанды облысынан, біреуі Астана қаласынан", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, кеше Маңғыстау облысында 10 адамның өмірін қиған жол апаты болды. Ішкі істер министрінің тапсырмасымен жедел штаб құрылды. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді.